Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
- Тараптардың ниеттерін растайтын сыртқы саудадағы шарттардың көшірмелері (келісім-шарттар), қосымша және (немесе) оған толықтыру (бір жолғы лицензиялар үшін), сыртқы шарттар жоқ болған жағдайда (келісім-шарт) -басқада құжаттардың электронды көшірмесі
- Жеке тауар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия беру туралы өтінішті рәсімдеу және осындай лицензияны рәсімдеу туралы нұсқауға сәйкес толтырылған және рәсімделген лицензияны беру туралы өтініш (электронды түрде жасалады)(Мәліметтер нысаны)
- ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi(Мәліметтер нысаны)
- импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының электронды көшірмесі, егер ол тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделсе немесе осы органнан көрсетілген рұқсат қажет емес деген ресми хабарлама