Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы
Қызмет құны
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес төлем мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
40 күнтізбелік күн
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі жөніндегі басшылық (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға өтінішінің электрондық көшірмесі (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
- Авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамы туралы мәліметтер және білімі туралы тиісті құжаттардың электрондық көшірмелері (міндетті түрде)
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)