Заңды тұлғаларға қызметтік қаруды және оған патрондарды сақтауға рұқсат беру
Заңды тұлға
Мемлекеттік орган
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қызмет құны
1 АЕК, 3692 теңге
Төлемдер сомасы төлеуге талап етілетін соманың 10%-нан аспауы тиіс (1000 теңгеге дейінгі сомалар үшін, рұқсат етілген артық төлем 100 теңге)
Қызмет көрсету мерзімі
15 жұмыс күні
МҚР сәйкес қызметтің атауы
Заңды тұлғаларға қызметтік қаруды және оған патрондарды сақтауға рұқсат беру
Жүктелетін құжаттар
Нормативтік құқықтық актілер
Қызмет онлайн көрсетілуі үшін авторизациялаудан өту қажет
Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
- Қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамға қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білу бойынша анықтаманың электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Көрсетілетін қызметті алушының эцқ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
- Сақтауға немесе ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін үй-жайды жалға алуға арналған шарттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
- Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа мәліметтер нысаны (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
- Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген, қаруды иемденуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерін, арнаулы атақтары бар арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда) (міндетті емес, біліктілік талапта)
- Азаматтық және қызметтік қаруды, оның патрондарын сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар басшының мөрімен және қолымен расталған, қаруды қолдануға рұқсат туралы құжат ұсынады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы ұйымның басшысы бұйрығының электрондық көшірмесі (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- Қаруды дүкеннен алғаш рет сатып алу кезінде және одан кейінгі әрбір 5 жылда ііо-да қайта тіркеу кезінде аңшылық ойық қарудың оқтары мен гильзаларын бақылау ату туралы актінің электрондық көшірмесін (міндетті түрде, біліктілік талапта)
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)