Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Меншік құқығындағы немесе аумақтық көліктік бақылау органы берген қауіпті жүкті тасымалдауды жүзеге асыруға арнайы рұқсаты бар жабық автомашинаны жалға алу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  3. Жарыстар немесе жиындар өткізу орны бойынша арнайы жабдықталған үй-жайдың болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  4. Қаруды қауіпсіз ұстау ережелерін білуіне тексеруден өткені туралы анықтама (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсатқа мәліметтер нысаны (міндетті емес)(Мәліметтер нысаны)
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 3-қосымшасына сәйкес № 076/е нысаны бойынша қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесін (міндетті емес, біліктілік талапта)
  7. Азаматтық және қызметтік қаруды, оның патрондарын сатуды жүзеге асыратын заңды тұлғалар басшының мөрімен және қолымен расталған, қаруды қолдануға рұқсат туралы құжат ұсынады (міндетті түрде, біліктілік талапта)
  8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)