Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. мыналарды: ашық атыс тирлеріне (атыс орындарына) арналған аумақтардың; мамандандырылған ғимараттардың (атыс тирлері (атыс орындары), стендтер үшін) орналасқан жерінің; үй-жайлардың орналасқан жерінің схемасын қамтитын меншік нысаны көрсетілген материалдық-техникалық базасы жоспарының электрондық көшірмесі; (міндетті емес, біліктілік талапта)
  3. Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білетіндігін тексеру туралы анықтаманың, атыс бойынша нұсқаушының арнайы даярлығынан өткенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  4. Халықаралық спорт атысы федерациясының нормалары мен ережелеріне сәйкестігі туралы «Қазақстан спорт атысы федерациясы» қоғамдық бірлестігі қорытындысының электрондық көшірмесі (атыс тирлерін (атыс орындарын) және оқу-жаттығуға арналған стендтерді ашқан жағдайда) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  5. Атыс спорт түрлері бойынша (оқ, стендтік, практикалық) жарыс немесе жаттығу сабақтар өткізу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 10095 тіркелген) бұйрығымен бекітілген спорттық федерацияларының аккредитацияланған Қағидаларына сәйкес аккредитацияланған атыс спорт түрлері бойынша Республикалық федерациясы қорытындысының көшірмесі (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 3-қосымшасына сәйкес № 076/е нысаны бойынша қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесін (міндетті емес)