Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі
Заңды тұлғалар үшін

Заңды тұлғалар үшін
  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  2. Олардың нақты түрлері, типтері, модельдері, саны көрсетілген маманданымы қоса берілген қаруды және оның патрондарын жеткізу туралы шарт (келісім-шарт) (әкелу/әкету) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  3. Қаруды және оның патрондарын оларды Қазақстан Республикасы аумағына әкелгеннен кейін сертификаттау бойынша шарт (әкелу) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  4. Алушы заңды тұлғаға қару мен оның патрондары әкетілетін шетел мемлекетінің уәкілетті мемлекеттік ішкі істер органы берген қару мен оның патрондарын сатып алуға және әкелуге рұқсаттардың (лицензиялардың) көшірмелері (әкету) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  5. Осы қару тек бейбіт мақсаттарда пайдаланылатыны және басқа елдерге кері экспортталмайтыны туралы шетел мемлекетінің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органының жазбаша кепілдік міндеттемесі ұсынылады (әкету) (міндетті емес, біліктілік талапта)
  6. Егер қару мен оның патрондарын импорттау кезінде түпкілікті тұтынушылар Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, арнаулы және құқық қорғау органдары болып табылған жағдайда, импортқа лицензия ресімдеу "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген "Әскери қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар" бөлімін ескере отырып, әскери мақсаттағы өнім ретінде жүзеге асырылады. (міндетті емес)
  7. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер (міндетті түрде)(Мәліметтер нысаны)
  8. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындыларға мәліметтер нысаны (міндетті түрде, біліктілік талапта)(Мәліметтер нысаны)
  9. 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 Еуразиялық экономикалық одақтың Алқасының шешімімен бекітілген үшінші мемлекеттермен сауда жасауда Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі Кедендік одаққа мүше – мемлекеттердің әкелу немесе әкетуге тйым салынатын және шектеу қойылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелу, әкету және транзиттеуге қорытындының бірыңғай нысанын толтыру бойынша әдістемелік нұсқамаларға сәйкес ресімделген қорытынды жобасының электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  10. Тауарды импорттаушының азаматтық және қызметтік қарудың, оның негізгі (құрамдас) бөлшектері "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, көрсетілген пайдаланушыларға сатылатыны туралы кепілхаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  11. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс, газды қарудың, электр қаруының, сондай-ақ жарақат салатын патрондардың зақымдаушы факторларының адам ағзасына тигізетін шекті әсері туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытындының не қаруды әкелгеннен кейін адам ағзасына тигізетін шекті әсер нормаларына сәйкестігіне медициналық-биологиялық сынақтар өткізілгені туралы кепілхат болуына қажет электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  12. Қарудың жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін (тек жөндеу, ауыстыру, қайтару үшін) әкелінгенін растайтын құжат (шарт, хат) болуына қажет электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  13. Қаруды әкелу болжанып отырған мемлекеттің құзыретті органы берген қаруды әкелуге рұқсат құжатының электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  14. Мөрмен және өтініш берушінің қолымен куәландырылған, сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы иеліктен шығару құжатының электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  15. Мөрмен және өтінім берушінің қолымен куәландырылған, қаруды жасаушы елден экспорттауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қару жасаушы немесе қаруды сатып алушы елге импорттауды жүзеге асыратын заңды тұлға мен қаруды сатып алушы арасындағы шартының электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  16. Кеден органының "транзит" кеден режимін белгілеу туралы белгісі бар кедендік декларацияның данасының электронды көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  17. Қарудың түрі, типі, моделі, калибрі және нөмірі көрсетілген тасымалданатын қаруды нөмірлік есепке алу тізімінің, сондай-ақ кеден органы куәландырған патрондар типі, калибрі, дайындау партиясы және саны көрсетілген мәліметтердің электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  18. Экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі Комитет берген, өнiмдi әкетуге рұқсатының бар болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  19. Мемлекеттiң заңнамасына сәйкес өтiнiм берушiнің өнiмнiң транзитiмен байланысты қызметтi жүзеге асыруға құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті немесе сақтандыру полисін сақтандыру шарттың электронды көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  21. Өтiнiш берушiнiң транзитпен ауысатын өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi көрсетілген (заттай және құндық мәндегi) жеке қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз еткенiн растайтын құжат және жеке қорғауды жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлғалардың күзет қызметiн жүзеге асыруға берілген құқығын растайтын құжаттың электронды көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  22. Егер жүктi жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, өнiмнiң жүк жөнелтушiнiң осы жүктi қайтадан қабылдауға келiсiмiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (міндетті емес, біліктілік талапта)
  23. Қарудың атауы және моделінің белгіленуі, негізгі техникалық көрсеткіштері, дайындаушы елдің және фирманың атауы, оның түсті фотосуреті туралы ақпарат; (міндетті емес)