ҚАЗ
РУС
 
Қызметті лицензиялау
 
Импортты/экспортты лицензиялау
 
Рұқсат беру
 
Іздеу
 
Анықтамалық ақпарат
 

Жоба туралы


Құрметті «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінің пайдаланушысы!

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі лицензиялау процестерін автоматтандыру және Қазақстан Республикасындағы бизнес-қоғамдастықтар мен лицензиар-мемлекеттік органдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімді, ашық механизмін қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Жүйе Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» құру және дамыту бағдарламасы, Қазақстан Республикасын жылдамдатылған индустриалдық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылған.

«Е-лицензиялау» (http://elicense.kz) порталы жеке және заңды тұлғаларға (азаматтар мен ұйымдарға) лицензия алуға мемлекеттік органға өтініш беруге, мемлекеттік органның өтінішін қарау статусын бақылауға және электрондық лицензия алуға, сонымен қатар Мемлекеттік электрондық лицензиялар тізіліміндегі қажетті лицензияларды іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Порталда лицензиялаудың екі негізгі «бағыты» іске асырылған:


  • Қызмет түрі бойынша лицензиялау (ҚР аумағында кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия алу)
  • Импортты/экспортты лицензиялау (Республики Казахстан Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауарлардың жеке түрлерін импорттауға немесе экспорттауға лицензия (рұқсат) алу)

Жүйені іске асыру кезеңдері:

2008-2010 жж. – орталық деңгейде лицензиар-мемлекеттік органдарда енгізу (Астана қ.)

2011-2012 жж. – лицензиар-мемлекеттік органдардың аймақтық бөлімшелері және жергілікті атқарушы органдар.

www.e.gov.kz © Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау
Қазір: 4
Бүгін: 86
Барлығы: 1693